Танзанияда мектеп оқушыларының автобусы аударылып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танзанияда мектеп оқушыларын тасымалдайтын автобус апатқа ұшырап, 35 адам мерт болды. Бұл туралы Reuters агенттігі жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

«32 мектеп оқушысы мен олардың 2 ұстазы және автобустың жүргізушісі көлік жардан құлаған соң мерт болды. Апат автобустың жауын жауып тұрғанда жоғарыдан төмен түсіп келе жатқан кезінде орын алған»,-делінген хабарламада.

Құрбан болған балалардың жастары 12-13 аралығында болған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Олар оқиғаның техникалық ақаудың салдарынан немесе жүргізушінің кінәсінен болғандығын анықтауда.

Танзания президенті Джон Магуфули осы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасап, оны «ұлттық трагедия» деп атады.

Осыған дейін Танзанияда автобус жүк көлігімен соқтығысып, оның салдарынан 20 бала құрбан болған еді.

Соңғы жаңалықтар