Танзанияда мектепке жасын түсіп, 5 адамның өмірін қиып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танзанияның шығысында жасын түсіп, мектеп сыныптарына найзағайдан тығылған төрт оқушы мен мұғалімднің өмірін қиды, деп хабарлады РИА Новости.

Танзанияда мектепке жасын түсіп, 5 адамның өмірін қиып кетті

Қайғылы оқиға елдің шығысындағы Кигома аймағында болды. Бұдан басқа тағы 17 бала зардап шекті.

«Ньякасанда елді мекенінде мектеп сыныбына түскен жасын мұғалім мен төрт оқушыны табанда мерт қылды», - деп хабарлады Франс Пресс агенттігіне мұғалім Уильям Литухи.