Танзанияда піл Би-Би-Сидің қызметкерін таптап өлтірді

деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
Қаза тапқан британдық азамат Антон Тернер телекомпаниямен бұған дейін де бірнеше рет жұмыс істеген және африкалық саваннаның жануарлар әлемімен жақсы таныс болған. Сондықтан да ол ХІХ ғасырда Африканы зерттеген танымал жиһанкез Дэвид Ливингстонның жүріп өткен жолын қайталайтын телевизиялық экспедицияға жетекшілік еткен.
Британдық телекомпанияның экспедициямен бірге саяхат жасаушы дәрігері 38 жастағы азаматты аман алып қала алмаған.
Форин-офистегі аты аталмаған дереккөздің хабарлауынша, бағдарламаны түсіруге қатысқан үш бала аман-есен, олар оқиға орнынан жедел алып кетілді. Кеңсе өкілі сондай-ақ, қаза болған Тернердің отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Би-Би-Си телекомпаниясы оқиғаның мән-жайына қатысты өз тексеруін жүргізуде.