Танзанияда соңғы төрт айда толассыз жауған жаңбырдан 37 бала қаза тапты

ДАР-ЭС-САЛАМ. Синьхуа – ҚазАқпарат – Танзанияның тоғыз аймағында қаңтар мен 28 сәуір аралығындағы нөсер жаңбырдан кем дегенде 37 бала қаза тапты.

Танзанияда соңғы төрт айда толассыз жауған жаңбырдан 37 бала қаза тапты
Фото: inform-ua.info

Бұл туралы сенбі күні Танзания полициясының өкілі Дэвид Мисиме мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қытайдың Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Д. Мисиме өз мәлімдемесінде ата-аналарды жаңбыр кезінде балаларын үйден шығармауға кеңес берді.

Сондай-ақ, ол сәйкес органдарды су сақтайтын орындарға, құдықтарға белгі қоюға шақырды.

Танзания метеорологиялық қызметі елдің түрлі өңірлеріндегі толассыз жаңбыр су тасқынына әкелуі мүмкін екенін ескертті.