Тапа-тал түсте ер адамның 12,5 млн. рубль салынған сөмкесін алып кеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің солтүстігінде ер адамға қарақшылық шабуыл жасалды. 12,5 млн. рубль қаскүнемдердің олжасына айналды.

Тапа-тал түсте ер адамның 12,5 млн. рубль  салынған сөмкесін алып кеткен

Қаланың құқық қорғау органдарындағы дереккөздің айтуынша, дүйсенбі күні сағат 16:30-дарда Скаковая көшесінде бетперде киген үшеу ер адамның 12,5 млн. рубль салынған сөмкесін тартып алып, іздерін суытқан.

Қылмыскерлер көк түсті шетелдік көлікке мінген. Қазір оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеуде.