Тапанша ұстап селфи жасаймын деп, атылып өлді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жас мексикалық Оскар Отеро Агуилар оқталған тапаншамен суретке түспек болған кезде абайсызда атылып өлді. Бұл туралы жергілікке БАҚ-қа сілтеме жасап Газета.Ru хабарлады.

Тапанша ұстап селфи жасаймын деп, атылып өлді

Көліктерді, қаруларды және әдемі қыздарды ұнатқан 21 жастағы мексикалықтың сүйікті ісі - солармен суретке түсу болған. Агуилардың көршілерінің сөзіне қарағанда, өлер алдында ол өз ауласында қолына тапаншаны алып жүрген. Қарудың оқталғанын ол білмей қалған.

Суретке түсер алдында Агуилар достарымен бірге «ішкен» көрінеді. Олардың бірі Омар Абнер Кампос Вивес қамауға алынды. Көпшілікке Эль Пако есімімен белгілі екінші досы ізін суытып үлгерген.

Мексикалықта оқталған қару қайдан пайда болғаны әзірге белгісіз.