Тапаншамен нысана көздеуден олимпиада чемпионы көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тапаншамен нысана көздеуден 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Александр Мелентьев 61 жасында қайтыс болды, деп хабарлады Қырғызстан дене шынықтыру және спорт агенттігінің баспасөз қызметінен.

Тапаншамен нысана көздеуден олимпиада чемпионы көз жұмды

Ол сегіз рет әлем чемпионы, жеті рет Еуропа чемпионаттарында жеңімпаз атанды, 13 рет КСРО чемпионы болды.