«Тапаншамен бастан атқан»: Алматыда қарулы қақтығысқа қатысқан күдіктілер ұсталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Әлеуметтік желіде Алматыда болған қарулы қақтығыстың бейнежазбасы тарады.

Бейнежазбадан бір топ адам арасындағы жанжал кезінде ер адамның травматикалық қару қолданып, жерде жатқан өзге азаматтың басына бірнеше рет оқ атқанын көруге болады.
Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, оқиға 13 шілде күні қаладағы дәмханалардың бірінің алдында болған.
«Кісі өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Травматикалық тапанша тәркіленді. Дәмханалардың бірінде ер адамдар арасында жанжал болғандығы белгілі болды. Істің басқа да мән-жайлары анықталып жатыр», - деп хабарлайды департаменттен.
Еске салайық, бұған дейін Алматы тауларында байкерлерді сабаған шопандарға сот үкімі шыққанын жазғанбыз.