Тарақан жеуден алдына жан салмаған сабаз жарыстан соң ажал құшты

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - АҚШ-та құрттар мен ірі тарақандарды жеу бойынша байқаудың жеңімпазы жарыстың қорытындылары айтылған соң мерт болды.
None
None

Ер адамның қайтыс болу себебі өліктің денесін ашқан соң белгілі болады.

Тарақандарды жеу бойынша Midnight Madness байқауы 8 қазан күні Майамиден солтүстікке қарай 64 шақырым жердегі Дирфилд-Бич қаласындағы хайунаттар дүкенінде өтті. Байқауға 29 адам қатысты, бірақ олардың ешқайсысы өзін нашар сезінген жоқ, деп хабарлайды Русская служба BBC . 32 жастағы Эдвард Арчболдты бұл байқауға қатысуға досы көндірген еді, сонда Эдвард 15 минутта бірнеше ондаған тірі тарақандар мен құрттарды жеді. Алайда көп ұзамай жеңісінен кейін өзін нашар сезініп, ауруханаға жеткізіліп, көп ұзамай қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар