Таран ауданының атауы өзгере ме - Қостанай облысы

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысындағы Таран ауданының атауын өзгертуге қатысты көпшілік тыңдауы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Таран ауданының атауы өзгере ме - Қостанай облысы

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қостанайда «Ономастикалық жаңғыру - рухани жаңғыру кепілі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция барысында Ахмет Байтұрсыновтың 145 жылдығына орай Ақкөл ауылына ұлт көсемінің есімі берілгені, Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына орай Таран ауданына атын беру, Жеңіс күні қарсаңында облыс орталығындағы көшелердің бірін ҰОС ардагері қостанайлық Естай Ещановтың есімімен атау ұсыныстары қаралып жатқаны жария етілді.

Осыған байланысты 30 қыркүйек күні сағат 11:00-де Таран ауданы мәдениет үйінде тұрғындардың қатысуымен тыңдау өтеді. Хабарландыру жергілікті «Маяк» газетінде жарияланған. 

Осы күні Таран ауданындағы Таран ауылына Әйет есімін беру мәселесі де талқыланады. Еске салсақ, Әйет - Тобыл өзенінің бір саласы.