Тараз – Алматы тасжолында жол апатынан бір адам мерт болды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының полицейлері халықаралық магистральдің Жамбылдағы учаскесінде болған жол апатының себебін тергеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«2022 жылдың 27 наурызында сағат 07.00 шамасында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» республикалық маңызы бар тасжолдың 282 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Honda Odyssey автокөлігінің жүргізушісі Тараз қаласынан Алматы қаласына бара жатып, жол жиегінде аударылып қалды», - деді Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 29 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақатпен Меркі аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қажетті сараптама тағайындалды, деді Жамбыл облыстық полиция департаментінен.


Галина Скрипник


Соңғы жаңалықтар