Тараз айналма жолымен жүргені үшін көлік жүргізушілері қанша ақша төлейді
АСТАНА. KAZINFORM — «Тараз айналма жолы» жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолында ақы алу жүйесі енгізіледі. Бұл жайында Көлік министрінің Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрығында айтылған.
Құжатқа сәйкес, ұзындығы 57 шақырымды құрайтын ақылы автомобиль жолмен жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері көліктердің санатына қарай мынадай соманы құрамақ:
— 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі — тн) дейін жүк автомобильдері үшін алдын ала төлем жасалғанда 330 теңгені, кейіннен төленгенде 390 теңгені;
— 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк автомобильдері үшін алдын ала төлем жасалғанда 670 теңгені, кейіннен төленгенде 790 теңгені;
— 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін автопоездар үшін алдын ала төлем жасалғанда 1 010 теңгені, кейіннен төленгенде 1 190 теңгені;
— жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін алдын ала төлем жасалғанда 1 360 теңгені, кейіннен төленгенде 1 590 теңгені;
— жүк көтергіштігі 15 тоннадан жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін алдын ала төлем жасалғанда 1 679 теңгені, кейіннен төленгенде 1 980 теңгені құрайды.
Автокөлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне байланысты жергілікті автокөлік үшін 1 айлық және 1 жылдық абонементтер қарастырылған.
Атап айтқанда:
— 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі — тн) дейін жүк автомобильдері үшін 1 айға 3 692 теңге, 1 жылға 44 304 теңге;
— 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк автомобильдері үшін 1 айға 7 384 теңге, 1 жылға 88 608 теңге;
— 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін автопоездар үшін 1 айға 11 076 теңге, 1 жылға 132 912 теңге;
— жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін 1 айға 14 768 теңге, 1 жылға 177 216 теңге;
— жүк көтергіштігі 15 тоннадан жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін 1 айға 18 460 теңге, 1 жылға 221 520 теңге болады.
Айта кетейік, Таразайналма жолын ақылы негізде пайдалану мерзімі 20 жыл деп белгіленбек. Бұйрық жобасы 9 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.