Тараз базарынан өрт шығып, 4 адам құтқарылды

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында базар аумағында орналасқан ғимараттың шатыры өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

«Бүгін, 20 қаңтарда сағат 13.22-де Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Өртке қарсы бөлімшелеріне «Ақсай» базарындағы жеке тұрған екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
‍Жамбыл облысы құтқарушыларының күшімен ғимараттың бірінші қабатынан 4 адам құтқарылды (зардап шеккендердің жағдайы анықталып жатыр).
Алдын ала ақпарат бойынша, өрттің ауданы шамамен 1500 шаршы метрді құрайды. Ғимаратта киім-кешек, ойыншықтар мен халық тұтынатын тауарлар сатылатын дүңгіршектер, екінші қабатта мата мен перде бутиктері орналасқан», - делінген мәліметте.
Өрт орнында Жамбыл облыстық ТЖД-нің 50-ден астам өрт сөндірушісі мен 16 техникасы жұмыс істеп жатыр.


Соңғы жаңалықтар
telegram