Тараз дәмханасындағы ірі өрт: жалын тұрғын үйге ауысты

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда «Шах» дәмханасынан тұтанған өрттің шығу себептері анықталуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Көңіл көтеретін мекемелер тығыз орналасқан Көшеней көшесіндегі бұл дәмханада тараздықтардың қарасы қашан да көп болатын.
None
None

Жамбыл облыстық ТЖД басшысы Бағдат Данилов «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында мәлім еткендей, өрт жайында хабар сағат 10.12-де келіп түскен, жалын 10.50-де ауыздықталып, 11.33-те толығымен сөндірілген. «Дәмхана ғимараты толығымен жанып кетті. Өрттің жалпы аумағы 1 200 шаршы метрден астамды құрады. Онымен қоса, от жақын орналасқан тұрғын үй мен шаруашылық нысандарға ауысқан. Тұрғын үйдің шатыры бүлінген», - дейді Бағдат Данилов.

Төтенше жағдайлар департаментінен хабарланғандай, тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ. 

Соңғы жаңалықтар