Тараз диагностикалық орталығының күзетшісі лифт шахтасына құлап кетті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат -   Тараз диагностикалық медициналық орталығында оқыс оқиға орын алды, деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

  Тараз диагностикалық орталығының күзетшісі лифт шахтасына құлап кетті

«31 мамырда «103» дисптчерлік қызметіне консультативтік-диагностикалық медициналық орталығының 4-қабатты ғимаратында 60 жастағы күзетші жүк таситын лифттің шахтасына құлап кеткені жайлы хабарлама түсті, - деді ведомство баспасөз қызметінен. - Бұл ретте лифт бірінші қабатта болған, ал ол үшінші қабаттан құлаған».

 Қазір күзетші ауруханада, оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде, деп нақтылады ТЖД баспасөз қызметінен.