21:21, 09 Шілде 2016 | GMT +5
«Тараз» «Ертісті» футболдан Қазақстан премьер-лигасының 20-турында жеңді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тараз» керекулік «Ертісті» футболдан Қазақстан премьер-лигасының 20-турында 1:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Sports.kz.
Ойынның 40-шы минутында бұрыштан берілген допты румындық қорғаушы Йоану Мера баспен соғып кіргізді.
Үшінші мәрте жеңіске жеткен тараздықтар 16 ұпай жинады және оныншы орындағы Қарағандының «Шахтерінен» бір ұпайы кем. Павлодар клубы екінші орыннан ертең шығып қалуы да мүмкін, ол үшін алматылық «Қайрат» өз алаңында қостанайлық «Тобылмен» кездесуінде ұпай жинауы керек. .
«Тараз» - «Ертіс» 1:0 (1:0)
Гол: Мера 40 (1:0).