19:24, 20 Наурыз 2014 | GMT +5
«Тараз» ФК бас жаттықтырушысына 100 мың теңге көлемінде айыппұл салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Тараз» футбол клубының бас жаттықтырушысы Арнольдус Дик Пайперске 100 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды sports.kz.
Айыппұл оған ойын аяқталғаннан кейін міндетті қол алысу талабын бұзғаны үшін салынып отыр.
Бұл шешім бүгін өткен бақылау-тәртіп комитетінің отырысында қабылданды.
Естеріңізге сала кетейік, 15 наурыз күні «Тараз» футбол клубы өз алаңында «Ақтөбе» командасын қабылдап, одан 0:2 есебімен ұтылып қалған болатын.