«Тараз» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тараз» футбол командасының бас бапкері қызметіне Ваит Талгаев тағайындалды.

«Тараз» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

Бұл туралы sports.kz сайты хабарлайды.

Бұл маман Тараз командасымен 1996-1997 және 2010-2011 жылдары жұмыс істеген. Нәтижесі де жаман емес. 1996 жылы аталған футбол клубы Ваит Талгаевтың басшылығымен Қазақстан чемпионатының алтын медалын жеңіп алған еді.