«ТАРАЗ» футбол клубында 610 миллион теңге мақсатсыз жұмсалған

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - «Тараз» футбол клубында 610 миллион теңге, «Тараз-Арена» мекемесінде 15 миллион теңге мақсатты жұмсалмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы облыстық мәслихаттың экономика, бюджет, салық және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысында белгілі болды. Тексеру комиссиясының мүшесі Асылхан Шаймерденовтің айтуынша, Жамбыл облысындағы спорт саласындағы қырықтан астам мекеме-кәсіпорынға аудит тексерісі жүргізілген. Оның ішінде 36 мекеменің жұмысы қанағаттанарлық деп танылып, 5 мекемеде қаржының жұмсалуында олқылықтар анықталған. Оның ішінде «Тараз» футбол клубында 610 миллион теңге, «Тараз-Арена» мекемесі бойынша 15 миллион теңге мақсатты жұмсалмағаны анықталған.

Бұл мәселеге байланысты облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбаев мекеме басшыларының жауапкершілігі басқарма алқасында қаралғанын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Мектепке жұмысқа орналастырамын: Алаяқ мұғалімді 700 мың теңгеге алдағанын жазған болатынбыз. Тараз қаласының тұрғыны биыл қаңтар айында таныс әйел оны мектепке мұғалім болып жұмысқа орналастыруға уәде беріп, өзінің «қызметі» үшін 700 мың теңге алған.


Соңғы жаңалықтар