«Тараз» футбол клубының мүшесі Б. Исламханға шетелдіктер қызығушылық танытып отыр
АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - «Тараз» футбол клубының мүшесі Бауыржан Исламханға «Достастық Кубогі» ойынынан кейін көз тігушілер саны аз болмай тұр,
деп жазады «Аламан« спорт агенттігі. «Бауыржанға қызығушылық танытып, өз командаларында Исламханды көргісі келетіндер көбейіп жатыр», - дейді аталмыш клубтың президенті Талғат Тұрлыбайұлы. Оның айтуынша, «Достастық Кубогі» өтіп жатқан кезде «Рубин» командасы да қызығушылық танытқан болатын. Ресейдің «Динамо» және ЦСКА клубтарының Бауыржан Исламханмен келісім жасауға дайын екендігін мәлімдегенімен әзірге бізге ешқандай ресми қағазбен шыға қойған жоқ. Бірақ Украинаның Донецкілік «Металлург» және Львов клубтары ресми құжаттармен шығып, сұрап отыр. «Алайда келісім берудің ретін көріп отырғаным жоқ. Әлі қарастыратын боламыз. Егер Ресей мен Украинаның белді командалары сұрап, Исламханның негізгі құрамда ойнайтындығын айтып жатса келісім жасап қалуымыз мүмкін», - дейді клуб президенті.