Тараз футболшылары бүгін санкт-петерборлықтармен күш сынасады

АЛМАТЫ. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Жамбыл облысының «Тараз» футбол клубы Түркияның Анталия қаласындағы оқу-жаттығу жиыны аясында Ресейдің Санкт-Петербор қаласының «Петротрест» командасымен алғашқы спарринг-матчын өткізеді.
None
None

2011 жылы Леонид Ткаченко бас бапкер болып тағайындалған соң санкт-петорборлықтар 2011/2012 жылғы маусымда екінші дивизионның «Батыс» аймағында 1-ші орын алған болатын. 2012/2013 жылғы маусымда олар енді өз бағын Ұлттық лигада сынап жүр.

Сербиялық бас бапкер Любомир Петрович жаттықтыратын тараздықтардың бұл - осы жиындағы екінші матчы. Олар кеше бұған дейін Румынияның Екінші лигасында өнер көрсетіп жүрген Тыргу-Муреш қаласының «Тыргу-Муреш» командасын 1:0 есебімен ұтқан. Иоан Овидиу Сабэу баптайтын тыргу-мурештіктер 2011/2012 жылғы маусымда Бірінші лигада 15-ші орын алып, жаңа маусымды Екінші лигада өткізуге мәжбүр болған еді.

Соңғы жаңалықтар