Тараз қаласы екі әкімшілік ауданға бөлінеді

АСТАНА. KAZINFORM – Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласын екі әкімшілік ауданға бөлу себебін түсіндірді.

Тараз
Фото: әкімдіктің баспасөз қызметі

- Халықтың саны 400 мыңнан асатын болса, облыстық орталықта екі аудан құрылу керек, ол заң талабы. Қазір Тараз қаласында 430 мыңнан астам тұрғын бар. Тараз қаласын екі ауданға бөлу туралы жақында Үкіметтің қаулысы қабылданды, мәслихатпен бірлескен шешім шығарып, екі ауданға бөлетін боламыз, - деп түсіндірді Ербол Қарашөкеев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беру барысында.

Оның айтуынша, қала өскен сайын ауданға бөлу, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

- Бұл керек шешім, өте дұрыс шешім, - дейді облыс әкімі.

Бұған дейін Тараз қаласын екі әкімшілік орталыққа бөлу жұмыстары туралы хабарлаған едік. Осы орайда қаланың жаңа бас жоспары талқыланды. 

Соңғы жаңалықтар