Тараз қаласында азық-түлік дүкені отқа оранды
ТАРАЗ. KAZINFORM - ТЖМ Тараз қаласында азық-түлік дүкені отқа оранғанын хабарлады.
Жамбыл облысының құтқарушылары дүкендегі жануды дер кезінде сөндірді.
«Тараз қаласында азық-түлік дүкендерінің бірінде шатырдың жануы орын алды.
ТЖМ күштерімен өрт 180 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», — деп мәлімдеді ведомстводан.
Өрттің шығу себебі анықталуда.