Тараз қаласында 150 орындық балабақша ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана күні мерекесіне орай Тараз қаласында 150 орындық «Асыл Қазына» балабақшасы ашылды.

Тараз қаласында 150 орындық  балабақша ашылды

Балабақшаның ашылу салтанатына Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ж.Сапаралиев арнайы қатысып, жиналған қауымды Астана күні мерекесімен құттықтады. «Асыл Қазына» балабақшасында 50 адамның тұрақты жұмыспен қамтылуына жағдай жасалған.