Тараз қаласында орта мектептің ғимаратына жарылғыш зат қойылды деген хабар түсті

АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат - Тараз қаласында орта мектептің ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді хабар түсті.

Тараз қаласында орта мектептің ғимаратына жарылғыш зат қойылды деген хабар түсті

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, қыркүйектің 27-сі күні таңертеңгі сағат 9-да, Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Төңкеріс көшесінде орналасқан №14-ші мектеп ғимаратына жарылғыш зат қойылды деген анонимді қоңырау шалынған.

Ақпарат алынысымен, төтенше жағдайды жоюға жедел әрекет ету қызметтерінің 50 адамы мен 14 техникасы шұғыл жөнелтілді.

Жүргізілген арнайы іс-шаралардың барысында жарылғыш зат табылмады.