Тараз қаласындағы №31-ші мектепке жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпарат үшінші күні де түсті

АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат - Тараз қаласындағы №31-ші мектепке жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпарат үшінші күні де түсті.
None
None

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.

Бұған дейін хабарланғандай, екі күн қатарынан, яғниқыркүйектің 27, 28-і күндері таңертеңгілік уақытта Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Төңкеріс көшесінде орналасқан №31-ші мектеп ғимаратына жарылғыш зат қойылды деген анонимді хабарлар түсті. Ақпараттар алынысымен, мектепке жедел әрекет ету қызметтері дереу жөнелтілді. Екі күн бойы ғимаратта барлығы 120-дан астам маман мен 30-ға жуық техника жұмыс істеді. Әр күні 600-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшіріліп отырды. Жүргізілген арнайы іс-шаралар барысында жарылғыш заттар бірінші күні де, екінші күні де табылмады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің бүгін, таңертең таратқан ақпаратына сәйкес, Тараз қаласындағы аталмыш №31-ші мектепке жарылғыш заттың қойылғандығы туралы анонимді ақпарат кеше, қыркүйектің 29-ы күні де алынған. Хабарға сәйкес, төтенше жағдайды жоюға 78 адам мен 16 техника шұғыл аттандырылды, оның ішінде 24 адам мен 6 техника Жамбыл облысы бойынша ТЖД-ның жеке құрамы.

Ғимараттан 527 адам қауіпсіз жерге ауыстырылды. Арнайы іс-шаралардан кейін, бұл күні де алынған хабар жалған болып шықты.

Құтқарушылар анықтағандай, барлық жағдайларда құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар