Тараз қаласындағы үш жасар қыздың енді екі «өкіл әкесі» бар

Бұдан кейінгі хабарды ІІД жедел кезекшісі полиция подполковнигі Ғани Байназаров қабылдады. Қоңырау мамыр айының соңында түн ортасында түскен. «Бүркіт-1» экипажы санаулы минуттарда-ақ оқиға орнына келіп жетіп, кіп-кішкентай баланы табады. Сәбиді уақытша қабылдаған жақын маңдағы тірек пунктінің полицейлері оны ойнатып, анасының келе жатқандығын айтып жұбатты. Дәл осы уақытта тәртіп сақшылары жерге түн қараңғылығы түскеніне қарамастан, оның ата-анасын іздеуге асығады. Жарты сағат өткенде тірек пункті маңындағы бірнеше үйлерден кейін олар қызын іздеп жылаған әйелді байқайды. Қызының аман-есендігіне көзі жеткен анасы сәбиінің есік алдында ойнағанын, ал өзі одан бір сәтке көз жазып қалғанын айтып, мән-жайды түсіндірді... 8-мөлтек ауданының тұрғыны қызын құтқарған полицейлердің қайырымдылығы мен шеберлігіне жылы шыраймен алғыс білдіріп, енді баланы қараусыз қалдырмайтынына уәде берді.