Тараз қаласының тұрғыны 400 келі марихуанамен ұсталды

АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Тараз қаласының тұрғыны 400 келі марихуанамен ұсталды. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті.

Тараз қаласының тұрғыны 400 келі марихуанамен ұсталды

«Кеше, мамырдың 25-інде «Дельта-Жазық» есірткі бизнесімен күрес арнайы бөлімшесінің қызметкерлері мен Жамбыл облысының полицейлері бірлесіп өткізген іс-шара аяқталды. Оның нәтижесінде Шу алқабының құмды аймағында 39 жастағы Тараз қаласының тұрғыны 400 келі марихуанамен ұсталды», деді ІІМ өкілі.

Қ.Жұмановтың атап өтуінше, дайындалған есірткі 3 шатырда кептіріліп жатқан жерінен тәркіленген.