Тараз мемлекеттік университетінің 100 студенті жеңілдік несие алғылары келеді
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Мұхаммед-Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруға арналған дағдарысқа қарсы бағдарлама жасалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.ТарМУ ректоры Әшімжан Ахметовтің айтуынша, бір жарым мыңнан астам студент пен 196 магистрант мемлекеттік білім гранты негізінде оқиды. Сонымен қатар үшінші-төртінші курстың 139 студенті әлеуметтік қорғалмаған жастарды қолдау мақсатындағы ҚР Үкіметі бөлген қосымша гранттың иегері болды. Грант тағайындау туралы 39 өтініш бүгінгі күні ҚР Білім және ғылым министрлігінің қарауында жатыр. Бұдан басқа, біздің университеттің 43 студенті Тараз қаласының әкімі тағайындаған грантпен оқып жатыр. Бағдарлама аясында жеңілдікті несие алуға 101 студент тілек білдірді. Олардың 16-сы Альянсбанктен аталған несиені рәсімдеп үлгерді.Университет басшылығы 11 жетім студент пен алты спортшыға 100 пайыздық жеңілдік берсе, бес мүгедек студентке 50 пайыз жеңілдік көрсетілді, сондай-ақ бірқатар студенттерге жеке мәселелеріне қатысты 10-нан 50 пайызға дейінгі жеңілдіктер жасалды. Барлығы 300-ден астам студент жеңілдіктерге ие болды.