13:42, 16 Қараша 2011 | GMT +5
Тараз оқиғасынан кейін ішкі істер органдарының кезекші патрульдеріне табелді қару берілді
ТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Тараз оқиғасынан кейін барлық өңірлік ішкі істер органдарының кезекші патрульдері табелді қарумен қамтамасыз етілді.

Бұл туралы бүгін апталық брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
Естеріңізге сала кетейік, 12 қараша күні Таразда қарулы қылмыскер атты полиция шолғыншысының екі қызметкерін жарақаттаған болатын.
«Атты полиция шолғыншылары саябақ маңында, яғни қоғамдық орында жүргендікпен қару берілмеген болатын. Осы Тараз оқиғасынан кейін барлық ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, оның ішінде атты полицейлерге де табелді қару беріп жатырмыз», -деді ол.