Тараз: тағы да бомба қойылғаны туралы жалған хабар

ТАРАЗ. 18 қараша. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Кеше 19:30-да, Таразда, облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Жамбыл облыстық ІІД кезекшісінен облыстық жол полициясы басқармасының ғимаратына жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабар келіп түсті. Бұл туралы Жамбыл облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Тараз: тағы да бомба қойылғаны туралы жалған хабар

Баспасөз қызметінің жетекшісі Руслан Иманқұловтың түсіндіруінше, жол полициясы ғимаратына Жамбыл облыстық ТЖД жедел тобы, құтқарушылар, сондай-ақ жеке құрамының 14 адамы мен 4 өрт сөндіру машинасы аттандырылды.

«Полиция қызметкерлерінің екжей-тегжейлі тексеруінің нәтижесінде жарылғыш зат табылмады, нысанға бақылау орнатылды», - деді Р.Иманқұлов.