Тараз тұрғынынан «синтетиканың» 75 орамы тәркіленді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Полиция Тараз қаласының тұрғынынан «синтетиканың» 75 орамын тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Видеодан алынған кадр

Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен Тараз қаласының тұрғынын ұстады.

Ұсталған әйелдің жалға алған пәтерін тінту барысында жатын бөлмеден жалпы салмағы 21,51 гр Альфа-PVP «синтетикасы» бар 75 орам тәркіленді.

»Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы баптың санкциясына сәйкес, мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген«, - деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.


Соңғы жаңалықтар