Таразда 10 жасар баланы іздеуге еріктілер қосылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараздан бір тәуліктен астам уақыт бойы үйінен белгісіз бағытқа қарай кетіп қалған оқушыны іздеп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Таразда 10 жасар баланы іздеуге еріктілер қосылды

№2 мектепте оқитын 10 жасар Денис 5 наурыз күні жоғалып кеткен. Оның жоғалғаны туралы хабарлама әлеуметтік желіде пайда болған.

Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, оның анасы баласының жоғалғаны туралы шағым түсірген. Қазір оны полицейлер мен туыстары, сондай-ақ еріктілер де іздеп жатыр.

«Мен оған таңертем дауыс көтергенмін, - деді «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Денистің мамасы Ирина.

«Мені тыңдаманы үшін, мектепке жеткені туралы ұялы телефонмен уақытылы хабарламайтыны үшін ұрысып бергенмін. Мүмкін, оны қатты ренжіткен шығармын. Ол үйден жүгіріп шығып кетті, мен таксимен оны қуып жетпек болдым. Бір кварталдан кейін машинаның есігін аштым. Ол басқа жаққа қарай жүгіріп кетті. Такси жүргізушісі кері бұрылғанша (ол жерде белгі болған), Денисті таппай қалдым. Ұялы телефонының да қуаты бітіп қалған».

Анасының айтуынша, полицейлер оған түнгі сағат үште Денистің телефон нөмірінен қысқа уақытқа сигнал болған, бірақ кейін телефон қайта өшіп қалған.