Таразда 280 көпқабатты тұрғын үйден тұратын жаңа шағын аудан бой көтеруде

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласындағы жаңа 15-шағын ауданда биыл 80 және 60 пәтерлі 25 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы ӨКҚ алаңында қала басшысы Қайрат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі таңда Сүлейменов көшесінің соңындағы 362 гектарда 15-ші мөлтек ауданының құрылысы жүргізілуде. Онда «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында 10 300 отбасына арналған 280 көпқабатты тұрғын үй бой көтермек. Қазіргі таңда 25 үй салынуда. Алқаптың байланыс, кәріз, су және газ құбырлары желілерінің құрылыстары аяқталып, электрмен қамту, ішкі кварталдық көлік жолының және жылу желілерінің құрылысы іске асырылуда. Бүгінгі таңда 80 пәтерлі 10 тұрғын үй пайдалануға берілген»,- дейді Қайрат Досаев.


Сондай-ақ,жаңа шағын аудан маңынан жеке тұрғын үйлер құрылысын жүргізу бойынша 555 жер телімі бөлінген. Бұл жер телімдеріне жеке инвесторлар несиеге берілетін бірыңғай сәулеттік стильдегі коттедждік үйлердің құрылысын жүргізбек. Оның 255-і бойынша 4 мердігермен келісімшарт жасалған.

Айта кетейік, бүгінде қала бойынша 16 054 адам тұрғын үй кезегінде тұр.



Соңғы жаңалықтар