Таразда 5 млн. теңгенің дауы медиативтік келісіммен реттелді
Істі сот талқылауына дайындау сатысында жекелеген санаттар бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаның шеңберінде тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеудің құқықтары түсіндірілді.
Судья-медиатордың қатысуымен талап қоюшы мен жауапкер арасында медиациялық келісім жасалды. Келісім бойынша талап қоюшы жауапкерге қарызды төлеу үшін 2017 жылдың 31 наурызына дейін уақыт беруге келісті. Өз кезегінде, жауапкер жеткізілген тауардың жалпы сомасы 4 899 440 теңгені талап қоюшының есеп шотына 2017 жылдың 31 наурызына дейін аударуға міндеттеме алды.
Талап қоюшыға төленген 50317 теңге мемлекеттік баж салығы қайтарылды.
Сот ұйғарымымен медиациялық келісім бекітілді, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.