Таразда 80 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және Жамбыл облысының әкімдігі «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 6 көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Таразда 80 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Евгений Шарыгин хабарлауынша, өңірде жалпы аумағы 37 мың шаршы метрлі 480 пәтер пайдалануға беріледі. Олар салынып біткен соң,   1  шаршы метрі үшін  116 мың теңгемен өткізіледі және  2017 жылдың тамыз айында тапсырылады.

- Өңірлерді  дамытудың  2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен әкімдік арасында «Халықтың барлық санаты үшін тұрғын үй» бағыты бойынша 7 көппәтерлі тұрғын үйге арналған  Ынтымақтастық туралы  келісімге қол қойылды. Қазіргі таңда, олардың жалпы аумағы 31,6 мың ш.м.  құрайтын 399 пәтерлі  6 тұрғын үйі  беріліп те қойды, деді филиал директоры.

Биылғы жылдың  соңғы тоқсанында «Арай» алқабынан жалпы аумағы   6,179 мың шаршы метрлік 80 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда осы нысандар бойынша пәтерлерді сатып алушылар  құны құрылып та қойды  және банк салымшылары пәтерлерді сатып алу үшін, қажет құжаттарды дайындалуда.

«Жалпы Жамбыл облысындағы Тұрғын үй құрылыс жинақ   банкі 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда, осы өңірде ҚТҚЖБ-ның 22 мың салымшысы тұрып жатыр. Олардың банктегі жинағының жалпы сомасы         7 811 млн. теңгеден асады. Осы жылдың басынан бері  4 027  жаңа ТҚЖ шарты  жасалған. Ал, алдыңғы жылы 2,5  миллиард теңге көлемінде кредит берілген» - деп мәлімдеді  Евгений Шарыгин.