Таразда адам құқықтарын қорғаудың халықаралық практикасының қырлары талқыланды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының әкімдігінде Қазақстандағы адам құқығын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері тақырыбында Жамбыл облысы мемлекеттік қызметкерлері, ҮЕҰ өкілдері және жұртшылық үшін оқыту семинар-тренингісі өтті. Бұл туралы облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасынан хабарлады.
None
None

Кездесу қатысушылар - ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары комиссиясының, жергілікті құқық қорғау және сот органдарының, білім, денсаулық сақтау және мәдениет мекемелерінің, азаматтық қоғам, сондай-ақ Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалары кеңсесінің өкілдері болды.

Тыңдаушылар алдында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Мәнжуов, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары комиссиясының хатшысы Тастемір Әбішев және Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалары кеңсесінің басшысы Наталья Зарудна құттықтау сөз сөйледі. Талқылау барысында тыңдаушылар БҰҰ-ның адам құқықтары саласындағы бақылау функцияларымен, БҰҰ құрған бақылау органдарының құзыретімен танысты, Біріккен Ұлттар Ұйымының тиісті комитеттерінде азаматтардың жеке шағымдарын қарау тетіктерін талқылады.

Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесі туралы айта келіп, тыңдаушылар адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекемелердің соттармен, мемлекеттік органдармен, адам құқығын соттан тыс қорғаудың басқа да институттарымен өзара іс-қимылын талқылады. Экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстан Республикасы азаматтарының, біздің еліміз аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын басқа да тұлғалардың еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері талқыланды.

Сонымен бірге, тыңдаушылар қоғамдағы ықтимал еңбек және әлеуметтік жанжалдардің алдын алу және шешу тетіктерімен танысты.

Комиссияның мүшелері мен сарапшылары Т.Әбішев, Р.Юрченко және К.Айтуғанов нақты мысалдармен тыңдаушыларға адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы ғана емес, азаматтардың мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттері, қазақстандық қоғамның барлық жіктерінің құқықтық деңгейін көтеру проблемалары жайлы айтып берді.

Семинар-тренингтің соңында Мемлекет басшысының бес институционалдық реформалары және «100 нақты қадамды» жүзеге асыру тетіктері талқыланды, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасынан.

Соңғы жаңалықтар