Таразда алты сағаттың ішінде 30 см қар жауды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Синоптиктердің болжағанындай, бүгін Жамбыл облысының аудандары мен Тараз қаласында қалың қар жауды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Таразда алты сағаттың ішінде 30 см қар жауды

null
Алты сағаттың ішінде түскен қардың биіктігі облыс орталығында 25-30 см жеткен және қардың әлі жаууда.

Жамбыл облыстық  ТЖД «Жедел-құтқару жасағы» ММ Жуалы ауданында (Тараздан 60 шақырым қашықтықта) бір тәуліктің ішінде Б.Момышұлы-Қошқар ата тасжолының 35 шақырымында қар құрсауында қалып қойған 6 машинаны шығарып, 11 адамды аудан орталығы - Б.Момышұлы ауылына эвакуациялады.

ҚР ТЖМ дерегіне сүйенсек, бүгін сағат 18:10-нан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (қалың қар түсуі) республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент» тасжолының 534-593 шақырым аралығындағы Айша бибі ауылынан ОҚО шекарасына дейінгі бөлігінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды.
null  

Қазіргі таңда Таразда ауа температурасы - 10 градус нөлден төмен. Облыс бойынша қалың қар жауып, көктайғақ орын алады деп болжануда. Ауа температурасы түнде -15 -20, кей жерлерде -25-ке дейін жетіп, ал күндіз -8 -13, кейбір бөлігінде -16 градус аяз болады деп күтілуде.