Таразда апта сайын өтетін жәрмеңкеде азық-түлік 10-15% арзан бағамен саудалануда
ТАРАЗ. Қазақпарат – Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласындағы «Grand bazaar» сауда кешенінің ғимаратында кезекті ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті,- деп хабарлайды қазақпарат тілшісі.
Жәрмеңкеде тұрақтандыру қорының және Жамбыл, Сарысу аудандары мен Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жалпы құны 24,5 млн. теңгені құрайтын 73,7 тонна өнімдері өткерілді. Өнімдер нарықтағыдан 10-15 пайыз төмен бағада саудаланды.
Ұсынылған тауарлардың ішінде 3,9 тонна ет, 0,7 тонна шұжық өнімдері, 2,9 тонна сүт өнімдері, 9 мың дана жұмыртқа, 2,5 тонна сары май, 0,5 тонна өсімдік майы, 0,2 тонна кондитерлік және 2,0 тонна макарон өнімдері, 0,5 тонна қарақұмық, 0,5 тонна күріш, 0,3 тонна тұз, 0,3 тонна балық, 4 тонна қант, 6 тонна ұн, 0,4 тонна бал және 40,0 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.

«Апта сайын жәрмеңкені асыға күтеміз. Өйткені, мұнда өнімдерді өнідірушілерден тікелей, арзан бағада аламыз. Бұл біз үшін өте тиімді. Алда мерекелер күтіп тұр. Соған орай бүгін жәрмеңкеден жылқы етін және көкөністер мен жеміс-жидектер алдым»,-дейді Тараз қаласының тұрғын Рауан Ахметов.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, жәрмеңке желтоқсан айының соңына дейін апта сайын демалыс күндері бекітілген кестеге сәйкес аудандар бөлінісі бойынша өткізілуде. Келесі аптада бөлініске сәйкес Талас, Қордай аудандары мен Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының тауарлары ұсыны
