09:46, 15 Қараша 2022 | GMT +5
Таразда ауа райының бұзылуынан балабақшалар мен мектептер жұмысын тоқтатты
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының Тараз қаласында ауа райының бұзылуынан балабақшалардың жұмысы тоқтатылып, мектептерде 1 және 2-ауысым үшін сабақтар болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тараз қаласы білім бөлімінің мәліметіне сәйкес, мұндай шешім салалық министрлік бұйрығын және Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ескерту хатын негізге ала отырып, қолайсыз ауа райы жағдайында оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында қабылданды.
«2022 жылдың 15 қарашасы күні бөбекжай бақшалар үшін оқу-тәрбие процесі және жалпы орта білім беретін мекемелердің 1-інші, 2-ауысымдары үшін сабақ тоқтатылады», - делінген хабарландыруда.