Таразда автобус өртенді

TARAZ.KAZINFORM - Бүгін сағат 17:43-те Жамбыл облысы ТЖД күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының телефонына Тараз қаласы Мәмбет батыр көшесінің бойында жолаушылар автобусының өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.

Тараз
Фото: ТЖ департаменті баспасөз қызметі

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Ауыл-Береке» базары маңында орын алған оқиға орнына 16 адам жеке құрам және 4 техника жұмылдырылып, өрт 18:00–де ауыздықталып, 18:06 -да жойылған. Зардап шеккендер мен қаза болған адамдар тіркелген жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

 

Соңғы жаңалықтар