Таразда бокстан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті

АЛМАТЫ. 23 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Таразда 12-19 қараша күндері бокстан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті.
None
None

Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 184 спортшы қатысқан болатын. 3 алтын, 2 күміс медаль олжалаған Жамбыл облысының командасы жеңімпаз атанды. Үздік үштікке 2 алтын 1 күміс, 2 қола медальмен Оңтүстік Қазақстан облысы мен 2 алтынмен Астана қаласының былғары қолғап шеберлері енді. Одан кейінгі орынды қоржындарында бір-бір алтын медалі бар Ақмола, Қызылорда, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының командалары бөлісті Ал алматылықтар 4 күміс және 4 қоламен 8-орынды қанағат тұтты.

Соңғы жаңалықтар