Таразда бір видеоның соңы сотпен аяқталды: полицейге қатысты іс қозғалды

АСТАНА. KAZINFORM — Таразда әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты полиция қызметкеріне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша материалдар сотқа жолданды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

патрульная полиция патрульдік полиция
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Полиция қызметкерінің қатысуымен болған оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Кейін бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады.

Жамбыл облысының Полиция департаменті аталған дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізілгенін хабарлады.

Тексеру нәтижесінде полицейге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ведомствоның мәліметінше, іс материалдары соттың қарауына жіберілген.

Еске салайық, бұған дейін Астана полициясы түкіргендерді «ұят тақтасына» шығарғанын жазған болатынбыз.