Таразда даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының ескерткіші ашылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат –«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5-ші механикаландырылған бригадасында Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының ескерткішінің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, ҚР Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Қайдар Қарақұлов қатысты.

2021 жылы аталған әскери бөлімге даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының есімі берілген болатын.

Ескерткіштің ашылу салтанатынан соң Жамбыл облысының әкімі мен Қорғаныс министрі 5-ші механикаландырылған бригадасының мұражайымен танысты.

Генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов жұмыс сапары барысында Тараз гарнизонының әскери бөлімдерін тексерді.

Аймақ басшысы мен Қорғаныс министрі Байзақ ауданындағы қоймада болған жарылыс кезінде із-түссіз хабарсыз кеткен Бауыржан Дәуітбаевтың отбасымен кездесті.

Сержантты іздеу жұмыстары наурыз айының соңында қайта жалғасады. Қыс айларында ауа райының қолайсыздығына байланысты іздеу жұмыстары уақытша тоқтатылған болатын.

Соңғы жаңалықтар