Таразда дауыл кезіндегі жұмысшылардың өліміне айыпты прораб сотталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласындағы №2 сотта еңбек қорғау ережелерін бұзған құрылыс компаниясының прорабына қатысты сот талқылауы аяқталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 29 мамыры күні соққан күшті дауыл Таразда бірнеше қайғылы оқиғаға себеп болды. 13-шағын ауданда салынып жатқан ғимараттың аумағында екі жұмысшы қаза тапты. Жел үйдің шатырындағы шиферді ұшырып әкетеді, ал екі жұмысшы қатты дауыл соғып тұрғанына қарамастан ұшқан шиферді орнына қағу үшін төбеге көтеріледі. Сол кезде жел олардың екеуін де жерге ұшырып түсіреді. Олар оқиға орнында мерт болды.

Негізгі сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындады. Құрбандардың туыстары моральдық залалдың өтелуіне байланысты Д.-ны кешіріп, оған бас бостандығынан айырмау көзделген жаза берілуін сұрады.

Соттың үкімімен Д. ҚР ҚК 156-бабының 4-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп танылды. Оған бес жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза, сондай-ақ бес жылдық пробациялық бақылау мерзімі белгіленді. Ол «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС-те прораб лауазымын иелену құқығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар