Таразда дауылды жел көпқабатты үйдің шатырын ұшырды

АСТАНА. ҚазАқпарат -Тараз қаласында көпқабатты тұрғын үйдің шатырын жел ұшырып түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таразда дауылды жел көпқабатты үйдің шатырын ұшырды

«Таразда 24 сәуірде сағат 19.10-да қатты жел (жылдамдығы 25 м/с) салдарынан Сүлейменов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің 30 шаршы метр шатыры ұшып түсті (тұрғын үйдің жалпы ауданы 1 мың шаршы метр)», - делінген хабарламада.

Құтқарушылардың айтуынша, оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Еске сала кетсек, 24-25 сәуір күндері жел жылдамдығы күшейеді деп болжанғандықтан Жамбыл облысының аумағында ескерту жарияланды.