Таразда екі адам суға кетті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Тараз қаласына жақын маңдағы каналда бір апта ішінде екі қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таразда екі адам суға кетті

«Жергілікті тұрғындар Таразды айналып ағатын каналдан суға батқан ер адамды көрген. 20 минуттан кейін марқұмның денесі судан шығарылды. Қаза тапқан адамның кім екені белгісіз, азиат, жасы шамамен 50-55-те. Үстінде киімі болған. Каналға қалай ағып кеткені белгісіз», - деп мәлім етті Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Бір апта бұрын дәл сол каналдан тағы адамның денесі табылған болатын. Департамент мәліметінше, марқұмның жасы 28-де болатын.

Шомылу маусымы басталғалы бері Жамбыл облысының өзен-көлдерінде 8 адам ажал құшты, оның бесеуі - бала. ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратынша, өткен жылдың дәл осы кезеңінде 7 адам, оның ішінде 2 бала суға кеткен.

Автор: Галина Скрипник