Таразда этно-ауыл пайда болады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы ««Этнографиялық ауыл» еліміз бойынша Шығыс Қазақстан облысынан кейінгі екншісі болады. Бұл туралы ОКҚ-тегі «Үлкен ел-үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру мәселелеріне арналған брифингте Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассаблеясы хатшылығының меңгерушісі Лариса Лысова мәлім етті.
None
None

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан «Үлкен ел-үлкен отбасы» жобасында ел аймақтарында этно-ауыл құруға» айрықша мән берілген»,-деді Л. Лысова. «Барша әлемде қазір бұл туризмді дамытудағы ең танымал бағыт. Өкінішке орай, бүгінгі таңда Қазақстанда тек Өскеменде ғана барша қазақстандық мәдениетті ілгері жылжыту және туристерді тарту үшін этно-ауыл құрылған.

Ал Жамбыл облысында осыдан екі жыл бұрын облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың тікелей қатысуымен этно- ауылды құру мәселесі шешіле бастады», деді ол.

«Жоба бойынша «Көне Тараз» тарихи-архелогиялық кешені аумағында өңірлік этномәдени бірлестіктердің қатысуымен энто-ауыл құру қарастырылып отыр. Бүгінгі күні 16 бірлестік аталған жобаны жүзеге асыруға келісті. Біздің ойымызша, бұл қаламызға туристер тартуға мүмкіндік туғызады», деп атап өтті Жамбыл облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі.

Соңғы жаңалықтар