Таразда генерал Ертаевқа құрмет көрсетілді

ТАРАЗ. Қаңтардың 3-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ – Тараздағы киноконцерт залында Қазақстан Республикасының ең жоғары наградасы – «Халық қаһарманы» атағы берілген Жамбыл облысының тумасы, ҚР Қарулы Күштері Штаб бастықтары комитеті төрағасының орынбасары, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевқа құрмет көрсетілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Б. Ертаевтың қызметтік тізімін әскери корпустың командирі лауазымы ашады. Генералдың өмірбаянында Ауғанстанда өткізген жылдар айрықша орын алады.? Ауғанстандағы соғыс уақытында, ? деді Жамбыл облысының әкімі Бөрібай Жексембин салтантты жиын барысында, ? ол мотоатқыштар бригадасы батальонының қолбасшылық етті. Оның қарауында 750 сарбаз болды. Комбат өзін тек ержүрек әскери қолбасшы ғана емес, білгір әскери стратег ретінде де көрсете білді. Оған жергілікті тұрғындар да құрметпен қарады. Ауғанстан уәлаятындағы тау шатқалдарының бірі оның атымен ? Бақытжан деп аталады. Кезінде ол КСРО-ның жоғары әскери наградасына ұсынылмақшы да болған, бірақ сәті түспеді. Тек енді ғана Мемлекет басшысының Жарлығымен әділеттілік қалпына келтірілді, Бақытжан Ертаевтың ерлігі, қаһармандығы және жауынгерлік қызметі лайықты бағасын алды.Қазақстанды нығайтуға қосқан үлкен үлесі үшін жоғары награданы тапсыру кезінде Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Бақытжан Ертаевтың жауынгерлік қызметіне жоғары баға берді: «Ол ? Ауғанстанда әскери борышын өтеу кезінде, таулы жер жағдайында әскери тактика жүргізудің қайталанбас үлгісін көрсеткен батальон қолбасшысы болған жалғыз ғана қазақ», ? деді.Халық қаһарманы отандық тарихтағы өзінің рөлін қарапайым бағалайды. «Ант қабылдаған кез келген әскери адам сияқты, егер қажет болса, Отан үшін өмірімді қиюға даяр болуым керек», ? деді Б.Ертаев.
Соңғы жаңалықтар