Таразда каналдан әйелдің денесі табылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда су каналынан белгісіз әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«25 маусымда 17.18-де Таразда жергілікті тұрғындар «Базарбай» каналынан азаматшаның денесін тапты. Қайтыс болған 54 жастағы әйелдің үстінде киімі болған. Оның денесін облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағы судан алып шықты. 11 құтқарушы мен үш техника жұмылдырылды», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Әйелдің неден қайтыс болғаны анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар